Жамбылда шарап өндірісі қайта қолға алынды

265

Жамбыл облысында өндірілген жүзім шарабы қазақстандық нарыққа қайта шыға бастады.

Жамбыл облысы бұрындары жүзім өсірумен және шарап жасаумен айналысқан Қазақстанның үш өңірінің бірі болған. Өблыстағы жүзім алқабының жалпы аумағы 8 мың гектардан астам жерді алып жатты. Онда 5 шарап зауыты жұмыс жасаған. Олардың барлығы 90-жылдары жабылған. Артынан Шайқорық және Үшарал ауылдарындағы шарап өндіруші кәсіпорындар да қирап, түгі қалмаған. Ал облыс орталығы мен Қарасай, Жасөркен және Меркі ауылдарындағы ғимараттар қайта жөндеуден өтіп, жаңа техниканы қажет еткен.

2015 жылдан бастап Меркі ауданының Ақарал ауылдық округінің «Ақ Арал» өндірістік кооперативі жергілікті шарап зауытын қайта жөндеуге және шарап өндірісіне арналған шикізат базасын жандандыруға кірісті. Көмек ретінде 170 млн теңге көлемінде несие алған. Ал Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бұл іске ғылыми тұрғыда қолдау көрсеткен. Биылдан бастап Жамбыл ауданында шарап өндірісі қайта жанданды. Мұндағы «Оңтүстік шарап зауыты» ЖШС Жасөркен зауытының негізінде жаңа шарап зауытын іске қосты.

Өндірістің бас технологы Кенжеғали Құрманқұловтың айтуынша, зауыт Өзбекстаннан экспортталған арнайы материалдардан өнделетін жүзім шарабын дайындайды. Сондай-ақ, жамбылдық жаңа зауыттың өнімдерін тек жергілікті тұрғындар ғана емес, солтүстік өңірлердің де азаматтары тұтына алады.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.