ТЖД ескертеді: Су айдындарында абай болыңыз!

559

Жыл сайын Жамбыл облысы аумағындағы су айдындарында жиырмадан астам қайғылы оқиғалар тіркеледі екен. Осыған байланысты, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті шомылу кезінде адам өліміне әкелетін жағдайларды болдырмау мақсатында халықпен белсенді алдын алу профилактикалық жұмыстарын жүргізілуде.

Шараға Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің, жедел–құтқару жасағы, полиция қызметкерлері, әкімдіктердің ТЖ бөлім инспекторлары және арнайы оқудан өткен қызметкерлер қатысуда. Олар Талас өзені жағалауында орналасқан «Бөбек» санаториі, «Тектұрмас» көпірі, Автобекет маңында қалалық жабайы жағажай және «Спирт зауыты» ауданындағы шомылуға тыйым салынған орындарда бақылау жүргізуде.

Сонымен қатар, облыс орталығының аумағында арнайы хабарландыру көлігіне орнатылған дауыс зорайтқыш арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде судағы қауіпсіздік ережелері құлаққағыс етілуде.

Шара барысында демалушылар айтылған ескертпелерді мұқият тыңдап, арнайы қызмет өкілдеріне көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.