Жамбылда «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында іс-шаралар өтті

41

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыстық «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы Әлібек Мұратбаев, «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб-имамы Бахтияр Әмреев, облыс әкімдігінің «Оңалту орталығы» мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы Азамат Балхожаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер «Дін мен біліктілікті жетілдіру аясында отандық діни оқу орындарында білім алудың маңыздылығын түсіндіру» жобасы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі ресми парақшасында жариялады, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.
Жоба бойынша Әр түрлі санаттағы облыс тұрғындары, оның ішінде жоғары және арнаулы орта оқу орындарының 14-29 жас аралығындағы жастар арасында «Дін мен дәстүр сабақтастығы» қазақ халқының дәстүрлі діни құндылықтарын насихаттау бойынша Тараз қаласы мен облыс аудандарында және оның ішінде Жамбыл ауданы (Аса, Шайқорық, Бірлесу-Еңбек, Жасөркен, Гродеково), Байзақ ауданы (Көктал, Қызыл жұлдыз, Қостөбе, Түймекент, Мырзатай), Жуалы ауданы (Көлбастау, Теріс), Т.Рысқұлов ауданы (Құлан, Көгершін), Талас ауданы (Қаратау, Ақкөл), Сарысу ауданы (Жаңатас, Саудакент), Меркі ауданы (Меркі, Жамбыл), Шу ауданы (Шу, Төле би, Белбасар), Қордай ауданы (Масаншы, Сортөбе), Мойынқұм аудандарында кездесулер, әңгімелесулер, «дөңгелек үстел» отырыстарын, семинарлар циклын ұйымдастыру жұмыстары өткізіліді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.