Жамбылда 38 307 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған

648

Жамбыл облысында жалпы білім беретін 450 мектептің барлығында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстары ұйымдастырылған, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Мектептердің 396-да (88%) асхана бар. Қазір облыс бойынша 214 мыңнан астам оқушы болса, соның 38 307-сі (барлық оқушылардың 18%-ы) тегін ыстық тамақпен қамтылған. Облыс бойынша 450 мектептің 54 (12%) мектебінде асxана жоқ, оның 47-сі бастауыш мектептер, 4-уі негізгі мектеп. Оқушы саны өте аз шағын жинақталған мектептер. Бұл мектептердің оқушыларына жақын маңда орналасқан мектеп асханаларынан ыстық тамақ тасымалданады.
Биыл асxанасы жоқ 7 мектептің мәселесі шағын жинақталған бастауыш мектептерді оңтайландыру (Байзақ аудандық Жаңасаз бастауыш мектебі, Тегістік бастауыш мектебі, Ботамойнақ бастауыш мектебі, Жамбыл аудандық Көлқайнар бастауыш мектебі, Т.Рысқұлов аудандық Құмарық бастауыш мектебі, Талас аудандық Жаңақоныс бастауыш мектебі, Тараз қалалық №59 бастауыш мектебі), 1 мектеп жанынан қосымша құрылыс жүргізу (Тараз қалалық №24 бастауыш мектеп), 5 мектеп жаңа құрылыс есебінен, барлығы 13 асxана мәселесі шешіледі.
Қалған 22 мектеп құрылысын жүргізудің облысық Жол картасына сәйкес алдағы жылдары кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.