Жамбыл Жабаевтың ескерткіші облыс әкімдігінің алдына қойылады

721

Қала күні қарсаңында Жамбыл облысы және Тараз қаласы әкімшілігінің ғимараты жаңадан абыттандырылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ресми парақшасында жарияланды, — деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Мәселен6 облыс әкімшілігінің алдына 128 868 гүл егіліп, 12 орындық, 8 урна қойылды. Сондай-ақ бұрынғы көк базардағы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші облыс әкімшілігінің алдына қойылатын болады. Ал қала әкімшілігіне 46 177 гүл егіліп, 33 орындық, 20 урна қойылды. Бұдан бөлек қос әкімшіліктің алдындағы су бұрқақтар қызылды жасылды реңге еніп, қала тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл күй сыйлайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.