Жамбыл облысының 88 мың тұрғыны табиғи газға қосылады

825

Жамбыл облысында газдандырылған 173 елді мекеннің көгілдір отынға қол жеткізе алмай отырған 88 мың адамды газ торабына қосу мәселесі шешімін тапты, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Енді тұрғындарды газ торабына қосумен «Жамбыл Жылу» коммуналдық мекемесі айналысатын болды. Осылайша газды жеткізу құны 150 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін түсті.
Аймақтағы газдандырылмаған 171 елді мекен мәселесі бойынша жалпы 43 млрд. 761 млн.теңге құрайтын 11 жоба дайындалды. Аталмыш жобаларды 2019-2022 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.