Жамбыл облысында «Жерлестер» Форумы өтеді – Б. Уәли

562

«Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәлидің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Жиын барысында Б. Уәли басқарманың соңғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндап, алдағы жоспарларына тоқталып өтті.

Басқарма басшысының берген мәліметіне сүйенсек, қазан-қараша айларында айында басқарманың ұйытқы болуымен «Жерлестер» Форумы, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеу институтының сарапшыларының қатысуымен семинар тренинг, Алаш әскерінің құрылғанына 100 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» отырысы,  желтоқсан айында ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция мен Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізу жоспарланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.