Жамбыл облысында 2842 мемлекеттік қызметшінің жалақысы өседі

18

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көбейту мақсатында 3,1 млрд.теңге қайта бағытталады. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметов мәлмдеді.

«Мемлекеттік органдарға жалақы төлеудің жаңа моделін енгізу аясында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі және орта буындағы қызметкерлердің жалақысын 2 — 2,5 есеге дейін  өсіру жоспарлануда», — деді А. Мырзахметов.

Осы мақсатта облыста әкімшілік шығындарды қысқарту,бөлімдерді біріктіру арқылы басшылық құрамды азайту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, ведомствалық бағыныстағы мекемелерді оңтайландыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

ortcom.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.