Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Асқар Мырзахметов хабардар етті.

Жалпы облыс экономикасын алсақ, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9 айдың қорытындысымен 105,4 пайызды құрады.

«Өнеркәсіп саласындағы өсім – 5,1 пайыз, ауыл шаруашылығында – 4,2 пайыз, құрылыста – 6,6 пайыз, жүк тасымалында – 7,8 пайыз, байланыста – 7,2 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция 3,4 пайызға өсті» — деді Асқар Исабекұлы.

Сондай-ақ, инфляция деңгейі 3,0 пайызды құрады (ҚР-3,3 пайыз), бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінен 1,2 пайызға төменболып отыр.

Ал, облыста бюджет кірісі 102,6 пайызға яғни 188 млрд. ттеңгеге орындалған десек, оның ішінде өзіндік кірістер 13 пайызға артқан (42,3 млрд.теңгеге).