Мейвезер ММА жұлдызымен жекпе-жектен бас тартты

15

Америкалық боксшы Флойд Мейвезер Instagram желісіндегі парақшасында аралас жекпе-жек пен кикбокста өнер көрсетіп жүрген жапон Тенсин Насукавамен кездесуден бас тартатынын ресми түрде мәлімдеді.

Мейвезер мен Насукава арасындағы жекпе-жек 31 желтоқсанда Rizin 14 турнирі аясында Жапонияның Сайтама қаласында өтеді деп жоспарланған. БАҚ мәліметінше, осы жекпе-жектен америкалық боксшы 88 миллион доллар табыс табатын еді. Ол Токиоға сапардың ұзақ екенін және мардымды ұтысқа ие болмайтынын айтып, осы кездесуді өткізуге келісім бермегінін мәлімдеді.

  «Бірінші кезекте мен ешқашан ресми түрде Тенсин Насукавамен жекпе-жек өткізу туралы келісім берген емеспін, Жапонияға келгенге дейін, мен ол туралы естіген де емеспін. Rizin таңдап берген үш раундтан тұратын 9 минуттық көрсетілім кездесуге қатысуымды өтінді. Басында бұл жекпе-жек кішігірім бай адамдар тобы үшін ұйымдастырылатын қызықты өнер көрсету болатын. Гонорары да айтарлықтай жақсы еді», — деп жазды Мейвезер.

«Мұны тек арнайы көрсетілім кездесу болады деп жоспарланған еді. Алайда оның ресми түрде бүкіл әлемге трансляцияланатыны туралы ештеңе айтылмаған. Мен және менің командам осыны білген сәтте жекпе-жектен бас тарттық. Баспасөз конференциясында айтылған мәліметтер үшін кешірім сұрады, менің сыртымнан келіссөздер жүргізілгенін естігенімде өзім де таңғалдым», — деді боксшы.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.