Жамбыл облысында биыл 9 мектеп пайдалануға беріледі

518

Биыл өңірде 447 мектеп жұмыс істеп тұр. Мектептерге 215 мыңнан аса оқушы келеді деп жоспарланып отыр. Оның ішінде 1-сыныпқа 26 255 оқушы қабылданады.

Ағымдағы жылы 4,9 млрд теңгеге 14 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылында 9 мектеп пайдалануға берілмек. Қалған 5 мектеп 2019 жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 221 білім нысанын ағымдағы жөндеуден өткізуге 232,4 млн теңге бөлінді.

Алдағы оқу жылында 2567 оқушы 88 автобуспен тасымалданады. 875 оқушы мектеп жанындағы интернаттарға орналасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.