Жамбыл облысында 178,4 мың адам өз бетімен жұмыспен қамтылған

592

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сейдахмет Сейтбековтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Сейдахмет Сейткерімұлы «Азаматтардың мәртебесін анықтау және Бірыңғай жиынтық төлем мәселесі» туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Өткен жылы біздің облысқа жұмыс сапары барысында Елбасы облыстағы нәтижесіз өз бетімен жұмыспен қамтылғандар санының көптігі және олардың өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың жалпы санындағы үлесінің жоғары екендігі туралы сын айтқан болатын (2017 жылдың 2 тоқсанында областағы өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың саны 222,5 мың адамды, олардың экономикалық белсенді халық санындағы үлесі 42,4 пайызды, нәтижесіз өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың саны 81,6 мың адамды, олардың жалпы өз бетімен жұмыспен қамтылғандар санындағы үлесі 36,7%-ды құрап, бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш болатын).

Бүгінгі күнге облыста өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың саны 178,4 мың адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 33,7 пайызын құрады. Оның ішінде нәтижесіз өз бетімен жұмыспен қамтылғандар 10,8 мың адамды немесе жалпы өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың 6,1 пайызын құрап отыр, бұл республикадағы төртінші көрсеткіш. Яғни, 2017 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың саны 44,1 мың адамға, ал, нәтижесіз өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың саны 70,8 мың адамға азайды. Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізуде Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және ел экономикасына тарту жөніндегі Жол картасы аясында азаматтардың мәртебелерін өзектендіру жұмыстары өзінің оң ықпалын тигізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.