Шу ауданында цифрландырылған орталық ашылды

740

Шу ауданында алғашқы цифрландырылған орталық Бірлікүстем ауылдық округіндегі кітапханада ашылды.

Орталық іші заманауи дизаинмен жабдықталған. Оқырмандардың белсенді жұмыс жасауына бес компьютер, интерактивті тақта және кітап көшірмесін алу үшін сканер құрылғысы орнатылған. Одан бөлек 9000-ға жуық кітап қоры бар. Ал компьютерлер WI-FI желісіне қосылған.

Атап өтерлігі, келушілердің осы орталық арқылы әлеуметтік желілілерді пайдаланып, қажетті мәлімет алып, тіпті «e.gov» порталына тіркеліп, құжат мәселесін де реттеуіне мүмкіндік бар. Сондай-ақ, ұялы телефон арқылы әлеуметтік желі қолданушыларына ыңғайлы орындар да қарастырылған.
Осындай орталық тағы бес кітапханада ашылады деп жоспарлануда. Бір сөзбен айтқанда, «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобалары ауданда қарқынды түрде жүзеге асуда.

Балнұр ЖЕКСЕНБЕКҚЫЗЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.