Жамбыл облыстық жедел штаб отырысы өтті

824

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтың төрағалығымен облыстық жедел штабтың отырысы өтті, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған отырыста жиіленіп кеткен орман және алқап өрттері, сондай-ақ судағы шомылу қауіпсіздігі бойынша мәселелер қаралды.

Орыстың жұмысында облыстық ТЖ алдын алу және жою комиссиясының мүшелері, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық ТЖ департаментінің, Жедел құтқару жасағының мен облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ауыл шаруашылығы, білім, ішкі саясат, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қатысты. 

Жиында Бекболат Орныбеков өрттердің алдын алу бойынша бағытта белсенді жұмыс атқарылып жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың өкімімен құрылған жұмыс тобы кейбір кемшіліктерді анықтағанын жеткізді. Сонымен қатар, облыстың су аудындарындағы қайғылы оқиғалардың адам өліміне алып келгені, олардың арасында жасөспірімдердің көптігі айтарлықтай маңызды мәселелердің бірі екені сөз болды.

Сонан соң, облыстық ТЖД департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызметі басқармасының бастығы Мақсат Әкімбаев және ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы Омар Такеев баяндама жасады. Өз сөздерінде департамент қызметкерлері жүргізген жұмыстары туралы есеп беріп, әр бағыт бойынша проблемалы мәселелерді талқылауға шығарды. 

Соның ішінде өрт қауіпсіздігі бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жасақталу және аудандың ерікті құралымдардың техника мен арнайы киімдермен жабдықталуы туралы мәселелер көтерілді. 

Отырыс барысында облыстық ТЖД бастығы Бағдат Данилов, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітовта және аудан әкімдері тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша бірлескен жұмыстарды жандандыру туралы шешім қабылданды, сондай-ақ аудан әкімдеріне өртті сөндіруге уақтылы ден қою және суда адам өлімін болдырмау бойынша шара қолдану туралы ұсыныстарын қысқа мерзім ішінде ұсынуға тапсырма берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.