Электр энергиясына қосылу талаптары жеңілдей түсті

368

Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің облыстық департаментінің ұйымдастыруымен өткен басқосуда «DoingBusiness» рейтингісі «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы  мен «Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексін» жақсарту бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды. Сондай-ақ электрмен жабдықтау желілеріне қосылудың жаңа  тәртібі таныстырылды. Шараға облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, электрмен жабдықтау мекемелерінің жетекшілері, салалық басқарма мен аудандық бөлімдердің мамандары қатысты.

Жиында алғы сөзді алған департамент басшысы  Е.Нармұратов  электрмен жабдықтаутағы дүниежүзілік банктің рейтингісін жақсарту бойынша өңірде атқарылған жұмысты баяндады.

–Біздің республикамыз биыл «Doing Business» Дүниежүзілік банк рейтингісінде, Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бойынша, ағымдағы жылы Қазақстан 76 – ші орынға көтерілді. Бұл нәтижеге біз Энергетика министрлігімен бекітілген «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторын іске асыру арқылы қол жеткізіп отырмыз. Аталған индикаторға қол жеткізуде  Энергетика министрлігінің бастамасымен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізді. Атап айтқан да бұл жаңашылдықтар «Электр энергетикасы туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарына  көрініс тапты, –деді департамент басшысы.

Ал аталған департаменттің бас маманы А.Қырғызбаева саладағы жаңа реформалармен таныстырды.

–Электр энергетикасымен  қамту ісінде ең басты жеңілдік ретінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау желілеріне қосылу шарттарының жеңілдеуін айтуға болады. Мәселен бұрын  тұтынушыларды электрмен жабдықтау желілеріне қосылуы шарттары 7 рәсімнен тұратын болса,  бүгінде бұл рәсімдер саны 4-ке дейін қысқарды. Нәтижесінде тұтынушылардың электр энергиясына қол жеткізу мерзімі 20 жұмыс күніне дейін азайды,– дейді А.Қырғызбаева.

Басқосу соңында сала мамандары мен ауданнан келген өкілдер де жергілікті жерде атқарылған жұмыс жайында ақпар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.