Экология министрлігінде орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту мәселелері талқыланды

142
🌱 Қазақстанда орман-климаттық жобаларды дамытуға, орманды қалпына келтіруге және көміртекті қаржыландыру саласына инвестициялар тартуға жағдай жасайтын тиісті заңнамалық түзетулер қабылданды.
🟩 Сонымен қатар, Өңірлік экологиялық саммит (РЭС) аясында «Орталық Азияның жасыл қалқаны» бастамасы бойынша қарарға қол қойылып, Қазақстанда 1 044 500 гектар аумақта ормандарды қалпына келтіру және жасыл екпелерді ұлғайту көзделген.
✅ Осы бағытта Экология және табиғи ресурстар министрлігінде First Carbon Group Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Компания халықаралық инвестициялар мен көміртек нарығының тетіктерін тарта отырып, 100 мың гектарға дейін орман екпелерін құру жөніндегі бастамасын таныстырды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.