Дала мен орман түйіскен ғажайып мекен – Бұйратау

72
Бір жерде арқар мен марал еркін жайылып, көкжиекке дейін созылған дала қалың орманмен астасады десек, сенер ме едіңіз?
🏞️ Бұл – «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. 2011 жылы құрылған ұлттық парк Ақмола және Қарағанды облыстарының аумағында орналасқан. Жалпы аумағы 88 968 гектарды құрайды.
🌱 Мұнда өсімдіктердің 610 түрі, сүтқоректілердің 59 түрі және құстардың 211 түрі мекендейді. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енген сирек жануарлар мен өсімдіктер де бар.
🦌 Бұйратаудың табиғаты арқар, марал, бұлан, елік пен қабан сияқты жануарлардың табиғи мекені саналады. Ал арнайы туристік бағыттар арқылы келушілер ұлттық парктің қайталанбас табиғатымен жақын таныса алады.
💚 Бұйратау – табиғаттың әсемдігі мен биоалуантүрлілік үйлесім тапқан ерекше өлке.
Leave A Reply

Your email address will not be published.