Түз тағысына тосқауыл

326

Жамбыл облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2019 жылғы 5 қарашадағы №112-ө бұйрығымен Қазақстан Республикасы Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңының 12-бабына сәйкес, жергілікті халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау және ауыл шаруашылығы жануарларына жыртқыш аңдардың шабуылын болдырмау мақсатында аңшылық шаруашылығы қорықшыларынан қасқыр атуға арнайы рұқсаты бар жұмыс тобы құрылады.
Топ құрамына кіретін аңшының қасқыр атуға арнайы рұқсат қағазы болуы міндетті. Ол қағазды халыққа қызмет көрсету орталығынан, EGOV сайтынан алуға болады. Бұйрыққа сәйкес, бір адамға үш қасқырдан артық атуға болмайды. Рұқсат қағаз алған аңшылар міндетті түрде «Қосқұдық» орман шаруашылығының қызметкерімен бірге жүріп, мемлекеттік орман қорында және резервтік алқаптарда жыртқыш аңдарға аңшылық жасауы тиіс.
Қыс айы басталғалы бері ауыл-аймақтарда, өрісте жүрген малдарға қасқырлардың шабуыл жасау фактілері жиіледі. Сондықтан жергілікті тұрғындарға және ауылшаруашылық малдарына қасқыр шапқан жағдайда төмендегі телефон номерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз. 8726435080
0,8726431307,87766467626, 87000950729.

Орынбасар Көшкінбай,
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының «Қосқұдық» КММ-нің
қызметкері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.