Тонау дерегі екі сағаттың ішінде ашылды

321

2019 жылдың 23 желтоқсанында Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына 45 жастағы қала тұрғыны кәмелеттік жасқа толмаған 9 жасар қызының қолынан «Samsung Galaxy S5» маркалы ұялы телефонын белгісіз ер адамның ашық түрде тонап кеткендігі туралы шағымданған – бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев фейсбук парақшасында жазды.
Полиция қызметкерлерінің кәсіби жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ізін суытпай екі сағаттың ішінде қылмысқа қатысы бар Тараз қаласының 20 жастағы тұрғыны ұсталды.
Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, телефон иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 1-бөлігімен (тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.