Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың аса жауапты қызметіне табыс, ал достас мажар халқына құт-береке тілеген.
“Мемлекет басшысы дауыс беру нәтижесі мажар халқы TISZA партиясының жетекшілері мен бағдарламасына жоғары деңгейде сенім білдіргенін көрсетіп, бұл Мажарстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті”, – делінген ақорданың хабарламасында.
Президент Астананың Будапештпен стратегиялық серіктестікті нығайтуға айрықша мән беретініне тоқталып, қос халықтың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.
Айта кетейік, 12 сәуірде Венгрияда парламенттік сайлау өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша оппозициялық «Тиса» партиясы жеңіске жетті. Партия парламентте конституциялық көпшілікке ие болып, оның көшбасшысы Петер Мадьяр елдің жаңа премьер-министрі болады.
Оқыңыз