ТарМПУ-да «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі ашылды

509

Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі ашылды. Әр азаматтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашылған кеңсе, енді, нәтижелі жұмыстар атқаруға кіріспек. Бүгінгі педагог қауымының алдында тұрған зор міндеттердің бірі — саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт- дәстүр, әдет- ғұрпын сақтауға,өз тілін мақтан ете отырып өзге тілді меңгеруге ықпал жасау. Ғылыми жаңғыру, жаhандану заманға сай өз үлестерін қосу, ел болашағын әлемге таныту бүгінгі ұрпақпың үлесінде. Бүгінде адалдық, тазалық, креативтілік принциптерін ұстанатын «Ұстаз» университеті бұған дейін де қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда бірқатар жұмыстар атқаруда. Мәселен, адалдық кітапханасы, «Ізгілік орталығы», студенттерге қызмет көрсету орталығы, колл центр, адалдық дүкені және т.б. Аталмыш жоба сол игі істердің жалғасы. Бұл қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құратынына және студент жастарға өзін парасатты, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беретініне сенім мол. Енді бұл кеңсе, жастардың жиналатын, бас қосатын, бос уақыттарын өткізетін, бірлесіп жиналыс ұйымдастыратын, идеяларын талқылайтын орын болмақ.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

Leave A Reply

Your email address will not be published.