Тараздықтар сенбілік барысында төрт мың ағаш көшетін отырғызды

309
Жамбыл облысында қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша көктемгі екі айлық басталды.
14 наурыз сенбі күні тараздықтар​ таңертеңнен бастап Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағына жинала бастады. Мұндағы жалпы қалалық сенбілікке аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері,қоғамдық кеңестердің, жастар және волонтерлік ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.
— Біз әрқайсымыз өз ауламызды, көшені, қаланы, ауданды таза ұстауға тырысуымыз керек. Абаттандыру бойынша сенбіліктер дәстүрге айналу керек. Тек аумақты тазалау және ағаш отырғызумен шектелмей, отырғызылған жасыл желектерді күтіп баптау жұмыстарын да жүйелі түрде жүргізіп отырған дұрыс. Мұндай сенбіліктердің өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік маңызы зор. Тұрғындардың өз балаларын осынау игі іске тартып, тәртіп пен тазалыққа баулып жатқандары қуаңтады. Жайлылық пен тәрптіпті бірге орнатайық! — Бердібек Сапарбаев атап өтті.
Бұл күнгі сенбіліктер Тараз қаласындағы облыс әкімдігі ғимаратының, Қазақ хандығының монументі жанында, «Әулие-ата» әуежайы аумағында, Ниетқалиев, Сүлейменов және басқа да көшелер бойында өтті. Сенбілікке қатысушыларды «Жасыл Ел — Тараз» ЖШС барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті.
Екі айлық іс-шаралар осы жылдың 1 наурызынан бастап 1 мамырға дейін жалғаспақ. Бұл орайда қаланың орталық бөліктері, магистральды көшелер мен саябақтар, облыс орталығының шағын аудандары әртүрлі мекемелерге, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік нысандарына арнайы бекітілген. Мұндай жұмыстар облыстың барлық аудандарында жүргізілуде.
Айта кетейік, бұл күні облыс орталығында 225 қайың көшеті, 2900 үйеңкі , 150 акация, 800 Шаған ағашы, сондай – ақ бірнеше ондаған қарағай, магнолия көшеттері, жалпы алғанда төрт мыңнан астам жаңа ағаштар отырғызылды.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.