Таразда жылу жүйелері жаңартылуда

612

Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы Абай даңғылы бойындағы жылу магистралін қайта жаңғырту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Онда облыс әкіміне «Абай даңғылындағы түйісу» сондай-ақ,  М-4, М-2 жобаларының үлгісі көрсетілді.

Абай даңғылындағы жылу жүйелері жобасының жалпы құны 666 млн  270 мың теңгені құрайды. Оның ұзындығы 1,13 шақырым.  Бұл жұмыстар 30 мамырда бастау алған. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 1 қырқүйекке жоспарланып отыр. . Алайда, аймақ басшысы Асқар Мырзахметов жауапты басшыларға 15 тамызға дейін аяқтауды тапсырып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.Еске сала кетейік, бұдан бөлек тағы да бірқатар көшелерде М-4, М-2 жылу құбырларын жүргізу жұмыстары атқарылуда. Жылу магистралін қайта жаңғырту желілерінің жалпы ұзындығы 11 мың метрді  құрайды.

taraztv.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.