Таразда «Халық заңгері» акциясы өтті

287

Агенттіктің бастамасымен Республика бойынша бір уақытта «Халық заңгері» атты кең ауқымды акция өтті.
Тараз қаласында науқан Төле би көшесіндегі «MART» ойын-сауық орталығында сағат 17:00-де басталып, 19.00-ге дейін жалғасты. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Ә.Әшірбаев және 50-ден астам мемлекеттік орган қызметкерлері, адвокаттар, заңгерлер және кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері өңір тұрғындарына заң төңірегінде барлық сұрақтарға жауап беріп, заң саласында бағыт-бағдар берілді. Сондай-ақ, акция барысында 300 -ден астам тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.