Таразда ауған соғысы ардагерлерін құттықтады

Бүгін партия Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауған ақиқаты» атты салтанатты іс-шара өтті, - деп хабарлайды "08инфо" ақпарат агенттігі "Нұр Отан" партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

426

Жиынға қатысқандар күні кеше өмірден өткен аты аңызға айналған «қара майор», ауған соғысының ардагері, отставкадағы полковник Борис Керімбаевты және ауған жерінде қаза болған жауынгерлердің құрметіне 1 минут үнсіздікпен еске алды. Тараз қалалық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Дүкенбай Ермеков оқ пен оттың арасында арпалысқан азаматтардың ерліктерін айтып, ондай күннің оралмауын тіледі. Жастарды оқу, білімге құштар, саналы тәрбие алуға шақырды. Салтанатты шара барысында партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі ерен екенін айтып, сұрапыл соғыстың аяқталғанына 30 жыл толуымен құттықтады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай арнайы шығарылған қол сағаттар сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.