Талап-қарызды өндіру – күн тәртібінде

419

Сотталған азаматтардың бірқатарында соттың үкімі бойынша міндеттелген талап-қарыздары бар. Өтелуі міндетті болып табылатын бұл қарыздарды өндіру жұмыстары Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде жүйелі жүргізіліп келеді.

Мәселен, ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша мекемеде сот үкімі бойынша  300 сотталғандарға  501 атқару парақтарына жалпы талап-қарыздардың соммасы 1 795 044 315  тенгені  құрайды.

Оның ішінде, мемлекет пайдасына –  283 814 408  теңге, жеке және заңды тұлғалардың пайдасына – 1 511 229 907 теңге өндірілуі қажет.

Осыған орай, сотталғандарды жұмыспен қамту ісі жолға қойылған. Нәтижесінде, жұмыспен  қамтамасыз етілген соталғандар саны – 145-ке жетіп отыр. Жұмыспен қамтамасыз етілген  сотталғандардың 71-не 88 атқару парақтары бойынша жалпы соммасы 148 186 021 теңге қарызы бар.

Анықтамалық нақты өндіріліп алынған ақша соммасы 22 сотталғандардан  22 атқару  парағына – 682 033  теңгені құрап отыр. Бұл соманың 249 908 теңгесі мемлекеттің пайдасына, ал 432 125 теңге жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндірілген.

Жалпы, ЖД-158/2 мекемесінде өз еркімен талап-қарыздарын өтеген сотталғандардың саны – 22-ні құрайды. Жалпы соммасы – 1 393 650 теңге.

Leave A Reply

Your email address will not be published.