Сотталғандарға ойсалар көркем фильм көрсетілді

374

Сотталғандарға фильм көрсетілді. Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, өзекті тақырып талқыға түсті. Психологтар мен теолог мамандар бірлесіп ұйымдастырған шарада ең әуелі «Адасқан әйел» атты бейнефильм көрсетілді. Басты мүдде – жазасын өтеушілер арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алып, теріс ағым, жат діннің жетегінде жаңылысуға жол бермеу. Мазмұны терең, мәні мен мағынасы зор ойсалар дүниеден алған әсер орасан. 40 минутқа жалғасқан көрсетілім көпшілікті көңілінен шығып, қалың ойға батырды. Алған әсерлерін «дөңгелек үстел» басында егжей-тегжейлі талқылап, дін мамандарымен пікір алмасты. Күрмеуі көп мәселеге қатысты сан сауал жолдап, нақты жауап алуға мүмкіндік туды. Ал мекеме психологтары әр азаматтың мінез-құлқын, қимыл-әрекетін бақылау арқылы қорытынды шығарды. Бұл бағытта түзеу мекемесінде жүйелі жұмыстар жүргізіледі. теолог мамандарды есепке алмағанда, аптасына екі рет имамдар мен хрестиан дінінің өкілі кездесу өткізіп тұрады. Мұнан өзге, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының рұқсат етілген кітаптары ғана қолданысқа берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.