САРЫСУЛЫҚТАР ҚОЛ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫН КҮТІП АЛДЫ

24
Биылғы жыл ауданымыздағы спорт саласында жетістіктерге толы жылмен жалғасын табуда. Намысты қолдан бермей, байрақты додаларда шаршы топты жаратын жеңімпаз жас спортшылар ауданның мерейін тасытуда. Әсіресе, спортшы қыздардың асығы алшысынан түсіп жатыр.
Бүгін аудан жұртшылығы жуырда Үндістан мемлекетінің астанасы Нью Дели қаласында жасөспірім қыздар арасында өткен армрестлингтен Азия чемпиондары — Түркістан ауылдық округіне қарасты Арыстанды ауылының тумалары, қос аруымыз Гүлнәр Алиева мен Қарлығаш Елдосқызы мен күміс жүлдегер Түгіскен ауылының жас спортшысы Ләззат Айтжанды қаламыздың кіреберісінен ыстық ықыласпен күтіп алды.
Мұнан соң аудан әкімі Сәкен Мамытов жеңімпаздар аруларды арнайы қабылдап, Азияның төрінде өткен тартысты бәсекеде жүзден жүйрік шыққан спортшыларға жүрекжарды тілегін арнады. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Тасқын Шайхыстамов құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаз жастардың ауданымыздың мақтаныштары екендігін тілге тиек етті. Аудан басшысы жеңімпаздарды аудан әкімінің Алғыс хаты мен қаржылай сыйлықтармен марапаттап, жаттықтырушысы Бақытсерік Қалымбаевқа «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тақса, Ержан Қалмахановқа аудан әкімінің Құрмет грамотасы берілді. Сонымен қатар, «Қазфосфат» ЖШС-і тарапынан қаржылай сыйлықтар берілді.
и ещё 4
Все реакции:

Sarysu Audandyk Karji Bolimi, Сакен Мамытов и ещё 60

Leave A Reply

Your email address will not be published.