Кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқық бұзушылыққа ұшырауының және құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында Талас ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның үйлестіруімен кезекті рейдтік профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Рейдтік іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, ведомствоаралық комиссияның төрағасы, комиссия хатшысы, аудандық полиция бөлімінің, білім бөлімінің, жастар ресурстық орталығының және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың кешкі және түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүруінің алдын алу, ойын-сауық орындары мен адамдар көп шоғырланатын аумақтарда профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау жөнінде түсіндірмелер берілді.