Сарысу ауданында ақпараттық орталық ашылды

1 058

Сарысу ауданы Жайылма ауылында цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды, — деп хабарлайды Сарысу ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізгі төрт бағытының біріншісі ауыл аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған болатын. Бұл орталық осы бағдарлама және Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтың тікелей тапсырмасын орандау аясында ашылып отыр.

Астана қаласының 20 жылдығы мен Сарысу ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Жайылма ауылында цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды. Енді ауыл тұрғындары қажет болған жағдайда аудан орталығы Жаңатасқа 25 шақырым жол жүрмей-ақ, тууы туралы, неке қию, тегін, атын ауыстыру, жылжымайтын мүлкінің болмауы туралы және зейнетақы аударымдары туралы электрондық анықтамалар ала алады.

Сонымен қатар, ақпараттық орталықта Қазпошта тернималы, Асанәлі Әшімовтың көрмесі, қолөнер бұйымдарының көрмесі, караоке залы бар. Тұрғындарға тегін интернет желісін пайдаланып, электронды кітап оқу жағдайы да қарастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.