Сарапшылар ең жылдам қуатталатын смартфондарды атады

23

<ұл зерттеумен қытайлықтар айналысып, тез қуатталатын ұялы телефондардың тізімін жасап шығарған. Сарапшылар зерттеу кезінде смартфондардың жарты сағатта қанша пайыз қуат алатынын қараған, бірақ олар аккумулятордың сыйымдылығын ескермеген. Кейінірек мұның зерттеу нәтижесіне еш әсерін де тигізбейтіні анықталған. Осылайша, мамандардың сөзіне қарағанда, жарты сағатта 92 пайыз қуат алған Oppo R17 Pro смартфоны (сыйымдылығы — 3700 мАч) тізімде бірінші болып тұр. Ал 2-орынға 83 пайыз қуатталған Honor Magic 2 (сыйымдылығы — 3500 мАч)тұрақтады.

Тез қуатталатын смартфондардың тізімінде 3-орында 66 пайыз көрсеткішпен Meizu Pro7 Plus (сыйымдылығы — 3500 мАч), оның соңынан жарты сағатта 66 пайыз қуат алған Oppo R11 мен Meizu 16th Plus (сыйымдылығы — 3640мАч) тұр.

Ал iPhone модельдерінен бұл тізімге тек  iPhone 8 Plus смартфоны (сыйымдылығы — 2675 мАч) кірген. Ол жарты сағатта 40 пайыз ғана қуат алған.
tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.