Сақтансаң, сақтайды!

437

Қауіпсіздік техникасы — еңбекті қорғаудың бір түрі. Жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі, еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/5 мекемесінің сотталған азаматтарына денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен құралдарының жүйесі алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жиі жүргізіледі. Жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және ҚР Еңбек Кодексінің 179,180,181,182-ші баптары бойынша қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың — стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі.

Жалпы,ауіпсіздікті сақтауды бақылау шараларының міндеті — жұмыс орындарында қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын қадағалау, сонымен қатар өндірістік жұмыстың ахуалына ықпал ететін, қауіпсіздік талаптарының бұзылу себептерін болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу өз жалғасын таба бермек.

М.Маханов,
ЖД-158/5 мекемесі САТӘПЖБ бастығы әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.