Жазалау емес, түзету маңызды

365

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы күннен-ақ ең жоғарғы құндылықтарды – адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын мойындап, Ата заңымызда жариялаған болатын. Сотталған азаматтардың құқықтарының сақталуы, бас бостандығынан айыру орындарында заңның орындалуы мәселелері қамауға алынғандардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде болып отырған құзырлы органдардың ерекше бақылауында.

Қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орындарындағы құқықтық тәртіпті нығайту, сотталған адамдардың тұрмыс жағдайларын және олардың жазаларын өтеу тәртібін жақсарту жолында жасалып жатқан істер баршылық.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/5 мекемесінде дәл осы бағытта жұмыстар өз деңгейінде атқарылып жатыр. Жуырда, аталған мекеме бастығының орынбасары әділет майоры А.Танашева және мекеменің САТӘПЖБ бастығы М.Махановтың қатысуымен құқықтық сабақ шеңберінде «Сотталғандардың құқықтары мен міндеттері», «Сотталғандарға қолданылатын тәртіптік ықпал ету шаралары» тақырыбында топтық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында жазасын өтеуші азаматтарға өз құқықтары мен міндеттері егжей-тегжейлі түсіндіріліп, олардың түзелу жолында дұрыс бағытты таңдау қажеттігі айтылды. Айта кету керек, ҚАЖ қызметкерлері үшін жаза басып темір торға тоғытылғандарды жазалау емес, түзету маңызды.

Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.