Сағынышын қағаз бетіне түсірді

180

Балаларынан жырақта жүрген өңірлік ҚАЖ департаментінің ЖД-158/5 мекемесінде жаза мерзімін өтеп жатқан сотталғандар бүлдіршіндеріне деген ыстық сағынышын қағаз бетіне түсірді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандар арасында отбасылық байланысты нығайту, олардың түзелу процесінде ықпал етуге бағытталған тәрбиелік жұмысты жандандыру.
Өз шығармасында жазасын өтеушілер балаларына деген сағынышын қағаз бетіне түсіріп, әр баласының бойындағы жақсы қасиеттерін атады. Сотталғандардың кейбірі өз туындысында баласына бостандыққа шыққан сәттен бастап бар әкелік қамқорлығын танытатынын жеткізді. Балаларының тәрбиесіне көмек беріп отырған туғандарына алғыс айтуды ұмытпаған олар әр бала ата-ананың мейіріміне мұқтаж болмауы керек екенін қылқаламмен суреттегендей.

Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.