Пилоттық жоба аясында ет пен сүт экспорты артады  

164

Еліміздің басты міндеті – ауыл шаруашылығын алшаң бастыру. Бұл бағытта Жамбыл облысында былтыр  бағдарын тапқан жұмыстар аз емес. Аграрлық саладағы жетістіктер жайлы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев есепті жиынында  кеңінен тоқталды.

— Былтырғы жылы «Жамбылдықтардың тұрмыстық табысын арттыру» жобасы аясында көп жұмыс жасалды. «Алқаптан сөреге дейін» деген де баянды бастама бастау алды. Нәтижесінде тұрғындардың тұрмысы түзеліп, есік алдындағы аумақ та  кәдеге жарады. Техника жаңарып, төрт түліктің  саны артып жатыр. Ендігі мақсат – пилоттық жоба аясында сүт пен ет өнімдерін арттырып, экспортқа шығару, — деді облыс әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.