Былтыр 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды

80

Ал 2021 жылға 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын қолға алу міндеті қойылған. Жалпы, облыстағы дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 366,2 мың адамды, қамту үлесі 32,2 пайызды құрап отыр. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде айтып өтті.
«Былтыр 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.
92 алаңша (футбол, көше, ауылдық ) ашылды.
1538 жас «Жасыл ел» жасақтарына тартылды.
«Қамқор» жобасы аясында 12 мың отбасыға 41 мың тонна киім-кешек, тұрмыстық заттар үйлестірілді.
«Әулиеата жастары» штабының көмегімен 9,3 мың адамға азық-түлік себеттері, 2 мың адамға дәрі-дәрмектер, 100 мыңнан астам бетперде тегін таратылды.
Ал биыл алдымызға біраз міндет қойып отырмыз. Солардың бірі – дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындар үлесін 35 пайызға жеткізу, 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын жүргізіп, 1 стадионды қайта жаңғыртпақпыз. Сондай-ақ халықтың
(1000 адамға шаққандағы) спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін 51,2%-ға жеткізуді көздеп отырмыз», деді Б.Сапарбаев.
Естеріңізге сала кетсек, облыс әкімінің есепті кездесуі карантиндік сақтық шараларына байланысты онлайн форматында өтіп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.