«Парасаттылық мектебінің» алғашқы дәрісі өтті

348

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Парасаттылық мектебінің» алғашқы дәрісі өтті.
Алғашқы дәріске кафедра меңгерушілері, магистранттар қатысты. Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Төлебаев Равиль Қуанышбайұлы бұл жиында дәрісін оқыды. Аталмыш мектептің жетекшісі — заң ғылымдарының кандидаты Құрманбек Сағынбеков.
Қоғамның дамуын тежейтін – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, барша адамды парасаттылыққа, жоғары саналы азамат болуға үндейтін бұл орта алдағы уақытта біршама тақырыптарда дәріс өткізуді көздеп отыр.
Лектор желтоқсан айында құрылған бұл мектеп қоғамға қозғаушы күш боларына сенім білдірді.
– Негізгі мақсатымыз – парасатты орта құру. Өскелең ұрпақ бойына адалдық, тазалық, шынайылық сынды қасиеттерді сіңіру. Біз жоғары қарқынмен жұмыс істей отырып, қоғаммен байланысты нығайтамыз, түсініспеушіліктерді жойып, алға дамимыз. Дегенмен, бәрімізге мәлім бүгінде көпшілік адамдардың бойында немқұрайлылық, мәдениетсіздік сынды теріс әдеттер әлі де бар. Мәселен, кішігірім болсын заң бұзушылықты көрсе де көрмегендей болып, мән бермейді. Осылайша, тәртіп орнату қиындай түседі,- деді Равиль Қуанышбайұлы.
Дәріс соңында тыңдаушылар тарапынан сауалдар қойылып, тақырып төңірегінде талқылау орын алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.