Орталық Африка Республикасында ресейлік үш журналисті өлтіріп кетті

490

РФ СІМ Орталық Африка Республикасында журналистік құжаттары бар үш Ресей азаматының қаза тапқанын растады.

31 шілдеде Орталық Африка Республикасында үш журналистің қаза тапқаны белгілі болды. Сибю қаласына жақын маңда белгісіз қарулы адамдар тобы шабуыл жасап, ресейлік журналист Орхан Джемаль, оператор Кирилл Радченко мен режиссер Александр Расторгуевты өлтірген.

«Орталық Африка Республикасынан түсіп жатқан ақпарат бойынша, 30 шілдеде Сибю қаласына жақын маңда (ОАР астанасынан солтүстікке қарай 300 км — Банги қ.) Кирилл Радченко, Александр Расторгуев және Орхан Джемаль есімдеріне берілген тек журналистік құжаттары ғана бар үш адам қаза тапты», — деп хабарлады РФ СІМ.

Ведомствода аталып өтілгендей, Ресей дипломатиялық миссия қызметкерлері жергілікті құқық қорғау органдары мен үкіметтік құрылымдармен тығыз байланыс жасап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«ОАР-дағы Ресей елшілігі өкінішке орай, елдің аумағына ресейлік журналистердің келгені туралы білмеген», — делінген хабарламада.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.