«Oqy, tap» облыстық онлайн байқауының жеңімпаздары марапатталды

1 076

Облысмыздағы ең белсенді оқырман оқушыны табу мақсатында ұйымдастырылған «Oqy, tap» облыстық онлайн байқауының қорытындысы шығарылды. Осыған орай Тараз қаласында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға тіркелген 1560 қатысушының 546-ы І кезеңге өтсе, ІІ кезеңге — 228 қатысушы жолдама алды. Ал ІІІ кезеңде 193 қатысушы бақтарын сынап, 14 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Облыстық онлайн байқаудың шарттарына сәйкес бірінші кезеңде қатысушылар көркем шығарманың авторын, үзіндінің қай тараудан алынғанын көрсетсе, байқаудың екінші кезеңінде көркем шығарма бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, соңғы кезеңде оқушылар көркем шығарма негізінде эссе жазды.

Барлық жеңімпаздар облыстық білім басқармасының атынан дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, онлайн байқауға белсенді қатысқан Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясының және Меркі ауданындағы №14 М.Жылысбаев атындағы орта мектебінің директорларына алғыс хаттар табысталды. Марапаттау рәсімі соңында барлық қатысушылар «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығына экскурсия жасады.

Айта керу керек, онлайын сайысқа жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 12-17 жас аралағындағы білім алушылары қатысты.

Абзал Есіркепов

Leave A Reply

Your email address will not be published.