Онлайн экскурсия өтті

227

Аталған ерекше идеяның бастамашысы Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы болды.

Онлайн тур қатысушыларға облыстық тарихи-өлкетану музейіне аралауға мүмкіндік берді.

Жыл басынан пандемияға байланысты бірқатар мәдени іс-шаралар кейінге шегерілді.

Алайда ұйымдастырушылар оларды жаңа технологиялардың көмегімен онлайн форматта өткізу туралы шешім қабылдады.

Есесіне, онлайн музейді өңірдің басқа да тұрғындары аралады.

Онлайн трансляция басқарманың Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында жүргізілді.

Экскурсия барысында музей қызметкері музейдің ашылу тарихы туралы әңгімелеп, экспонаттармен және жәдігерлермен, Қазақстан аумағын ежелгі дәуірден орта ғасырларға дейінгі кезеңде мекендеген тайпалардың тарихымен, экономикасымен, діни көзқарасымен, қолөнерімен және архитектурасымен таныстырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.