Кәсіпкерлерге қатаң ескерту жасалды

394

Елімізде төтенше жағдай тоқтатылғанымен карантин режімі жалғасуда. Себеп, еліміздің аумағында індеттің таралуы әлі тоқтаған жоқ.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» №285 Жарлығына, Жамбыл облысының жедел штаб отырысының 26 мамырдағы №20 хаттамасына сәйкес аудан әкімдігінің аудан аумағында карантиндік режімді түсіндіру және санитарлық талаптарды сақтау жөніндегі комиссия құру туралы қаулысына сәйкес арнайы комиссия құрылған болатын.
Комиссия құрамында екі топ бар. Оның біріне аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы төрағалық етсе, екіншісіне аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаев төрағалық етуде.
Апта соңында екі топ аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, кәсіпкерлер мен жалпы халықты сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Мәселен, Ернұр Маратұлы басшылық ететін топ мүшелері жұмысын Бейсенбек Сафинов көшесінің бойындағы «Шақпақата» атты құрылыс материалдарын сататын нысаннан бастады. Комиссия төрағасы дүкен сатушысынан сақтық шараларының қаншалықты сақтап отырғандығын сұрады.
-Кәсіпкерлердің жұмыс істеп жатқаны бізді қуантады. Себебі, ел экономикасының дмауы үшін, яғни бәріміз ортақ мүдде үшін еңбек етіп жатырмыз. Алайда ең бірінші халықтың денсаулығы, қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан сақтық шараларын әркім өзімінен бастауы керек. Талапты сақтай отырып жұмыс істеңіздер. Міндетті түрде антисептиктер, қол жуғыштар тұруы керек. Маскасыз, қолғапсыз жүрмеңіздер, келушілердің әлеуметтік арақашықтығын сақтауларын ескертіңіздер. Тұтынушылардан осы тәртіпті қатаң талап етеңіздер. Олай болмаған жағдайда сіздерге амал жоқ шара қолдануға тура келеді. Яғни, әкімшілік айыппұл төлейсіздер. Айыппұл соммасы да аз емес, кәсіпкерлерге 100 айлық есептік көрсеткіш, ол дегеніңіз 271 мың теңге болса, жеке тұлғаға, мәселен, сатушыңызға 5 айлық есептік көрсеткіш 13 мыңдай айыппұл салынады.
Маскамен жүру әрине оңай емес, алайда сақтануымыз керек,- дей келіп Ернұр Маратұлы орын алған кейбір келеңсіз жағдайлар келесі тексеру барысында қайталанбауын ескертті. Тексеру барысында маскасыз жүргендер жиі кездесті. Барлық кәсіпкерлерге адамдардың маскасыз кірмеуін талап етуді, маскасыз келгендерге артық маскалар әкеліп қойып, ақылы түрде ұсынуларын айтты.
Сонымен бірге құрылыс материалдарын сататын бір орынның алдында шаң-тозаңның ортасында құйылмалды балмұздақ сатып тұрған әйел кісіге ауданның бас санитар дәрігері Марат Искаков тез жианылып кетуін ескертті. Оған рұқсат етілмеген жерге сатуға болмайтынын, бұл жерде сату ешқандай талапқа сай келмейтінін, егер біреу осы балмұздақтан уланып ауырып жатса, қылмыстық іс қозғалатынын ескертті. Комисся мүшелері сонымен бірге бірнеше құрылыс дүкендерімен қатар «Аружан» шағын маркетіне, Жібек жолы бойындағы «Береке» кафесіне, СТО-ларға, мемлекеттік кірістер басқармасына да бас сұқғып, сақтық шараларымен танысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құрылыс материалдарын сататын әрі темір қабылдайтын бір кәсіпкерлік нысандағы келеңсіз жағдайдың, яғни адамдар кіріп-шығып жатқан кәсіпкерлік нысан ауласы қоқыс алаңы сияқты. Осы келеңсіз жағдайды тездетіп ретке келтіруін тапсырды.
Біз бас сұққан кішігірім дүкендегі тазалық мәселесі де сын көрмейді. Бұл жағдайдың барлығы алдағы уақытта қаталанбауы ескертілді.
Мемлекеттік кірістер басқармасында барлық жағдай талапқа сай. Қызметкерлердің арақашықтығы сақталған. Барлығы медициналық маскамен, қолғаппен жұмыс істеуде. Атнисептиктер қойылған.
Ауданда COVID коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халыққа карантиндік режімді түсіндіру және санитарлық талаптарды сақтау жөніндегі комиссия жұмысын жүйелі түрде жалғастырады.

Перизат Шымыртайқызы

Leave A Reply

Your email address will not be published.