Назарбаев соңғы шыққан мақаласын түсіндірді

617

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы арқылы жастарға не айтқысы келгенін түсіндірді.

«Біздің түп-тамырымыз — өте терең. Бүгінде италиялықтар римдіктер ретінде саналмайды, бірақ олар өздерінің тарихын мақтан тұтады. Ал Мысырда арабтар тұрады, дегенмен олар фараондарды ұмытпайды. Ресейдің де, Ұлыбританияның да, біздің де тарихымыз бай», — дейді Президент.

Оның айтуынша, қазақ халқы толерант халық және барлығына бірдей қарайды. «Біз тарихты қазақ халқы қандай ерекше халық екенін еске алу үшін айтпаймыз. Құдай сақтасын. Бұл мақала жастарға Ұлы даламыз — ұлы түп-тамырымыз бар екенін жеткізу мақсатында пайда болды. Ғұн мен сақтар кезеңінен, Түрік қағанаты мен бүгінгі күнге дейінгі тарихымыз», — деді Назарбаев.

Президенттің айтуынша, бүгінде бөлінудің орнына бірігіп, ортақ тіл табысып, бір-бірімізді сүюіміз қажет.
tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.