«Мұқағали Мақатаев оқулары» поэтикалық байқауы өтті

256

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Мұқағали Мақатаев оқулары» поэтикалық байқауын онлайн форматта өткізді.

Байқауға Тараз қаласы мен аудандарынан 14-29 жас аралығындағы жастар қатысты. Қатысушылар өз шығармаларын бейне нұсқада өткізді. Арнайы құрылға әділқазы алқалары барлығын жекелей қарастырып, Бас жүлде және 1,2,3 орындар берді.

Байқаудың басты мақсаты қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту. Ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу,өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру. Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлдені – Шу ауданынан Спанәлі Серік Қуатбекұлы;

І орынды – Сарысу ауданынан Айнабекова Назерке Алпысбайқызы;

ІІ орынды – Тараз қаласынан Аблай Ғалия Арахатқызы және Т.Рысқұлов ауданынан Құрманалы Дариға;

ІІІ орынды – Тараз қаласынан Нұрланов Ерлан және Меркі ауданынан Усербаева Майра Қыдырбайқызы иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.