Мемлекеттік грантқа іліге алмағандарға мүмкіндік: ЖОО-лардың ректорлық гранттары мен жеңілдіктерін қалай алуға болады?

63

Қазақстандық жоғары оқу орындары 2026 жылы талапкерлерге екі мыңнан астам өз гранттарын, сондай-ақ оқу ақысына жеңілдіктер мен атаулы стипендиялар ұсынып отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомствоның мәліметінше, бөлген гранттар санын, құжаттарды қабылдау мерзімін және іріктеу критерийлерін әрбір университет дербес айқындайды. Алайда оң шешім қабылдау кезінде ҰБТ нәтижелері, академилық жетістіктер, «Алтын белгі» иегерлерінің болуы, олимпиадалар мен конкурстардағы жеңістер, сондай-ақ талапкерлердің әлеуметтік мәртебесі ескеріледі.

Сондай-ақ еліміздің жетекші оқу орындары өз гранттарының көлемін жариялады. Мәселен, Ходжа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркиядан 2026–2027 оқу жылына 500 білім квотасын алды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті 125 ішкі грант бөлсе, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 94 грант қарастырылған. Бұдан бөлек, А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті 19 ректорлық грант, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті 20 ректорлық грант бөліп, «Алтын белгі» иегерлеріне, IT-олимпиадалар жеңімпаздарына және әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетіп отыр.

Бұдан бөлек, ҚазҰПУ, «Тұран-Астана», С. Аманжолов атындағы ШҚУ, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті сияқты оқу орындары ҰБТ-дан 100-ден жоғары балл жинаған «Алтын белгі» иегерлеріне, жетім балаларға және көпбалалы отбасы мүшелеріне 15-тен 100 пайызға дейін оқу ақысын арзандату жеңілдіктерін ұсынады. ЖОО-лардың ішкі гранттары мен жеңілдіктерінің ережелерін әр университеттердің ресми сайттарынан немесе қабылдау комиссияларынан нақтылауға болады.

фото: Depositphotos

Qaz365.kz.

Leave A Reply

Your email address will not be published.