Мазмұны терең тарихи еңбек

647

Рухани жаңғыру – халқымыздың салт-санасы мен дүниетанымына сілкініс әкелетін қозғаушы күш. Елбасы мақаласын оқыған адам дәл осындай ой қорытатыны анық. Елбасы мақаласы – ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа бастайтын даңғыл жол. Бүгінде тәуелсіз ел атанған Қазақстанның нұрлы болашаққа қарай қарыштап қадам басуын күллі әлем мойындады. Осы орайда Елбасы мақаласы уақыт талабынан туындап отырғаны белгілі. Әр халық ел болып ғұмыр кешуі үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарын сіңіріп, рухани болмысымен өмір сүруге баулиды. Еліміз азаттыққа қол жеткізген жылдардың алғашқы сәттерінен бастап Президентіміз саналы қоғам орнатуды үздіксіз айтып келеді. Рухани өрлеу біздің қоғамға аса қажет және біздің дамуымыздың басты тұғырларының бірі. Ұлт көшбасшысы ұлттық мәдениетті сақтай отырып жаңғыру және ұлттың дамуына тосқауыл болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту қажет екенін қазақстандықтардың түсіне білу керек екендігін баса айтты.  Бұл – мазмұны терең тарихи еңбек. Ұлт руханиятын әлемдік өркениеттің шыңына шығаратын үлкен құжат. Жалпы, рухани жаңғыру түптеп келгенде, «Мәңгілік ел» идеясының жалғасы іспетті. Еліміздің мәңгілік елге айналуы үшін рухымыздың оянып, санамыздың жаңғырғаны абзал. Осыны жете түсінсін деп Елбасы тарихи құжатты көпшілік назарына ұсынды.
Президент мақаласының мәйегі – ұлттық кодты сақтау.  Ұлттық кодтың тарихи жадымызды жаңғыртуға тигізетін ықпалы зор. Үш тарау, алты бөлімнен тұратын мақалада Елбасы ұлттық сана мен ұшқыр ой, білім мен бәсеке, прагматизм мен ұлттық бірегейлікті сақтау қағидаттарын атап көрсетті. Президент ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен тілімізді, өнеріміз бен әдебиетіміз сынды ұлттық құндылықтарымыздың бойымызда мәңгі сақталуына айрықша басымдық беріп отыр.
Рухани жаңғыру – біртұтас ұлт болу жолындағы маңызды қадам. Мақала өзегі Қазақстанның үшінші жаңғыруы идеясымен сабақтасып жатыр. Негізгі мақсат Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосу екендігін аңғару қиын емес. Ал мұны сәтімен жүзеге асыру үшін алдымен рухани жаңғыруды бастан кешуіміз қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.