М. Нұрматова Таразға жұмыс сапарымен келді

595

Өзбекстан Республикасы Әйелдер істері жөніндегі комитетінің төрайымының орынбасары Мукаррам Нұрматова Тараз қаласына жұмыс сапарымен келді.

Сапары аясында ол Қазақстан Республикасы іскер әйелдер қауымдастығы басшылығымен, өңірлік «Атамекен» іскер әйелдер кеңесінің мүшелерімен кездесті. Онда екі ел арасындағы шекаралық ынтамтастық орнату мен аймақтың туризм саласын дамыту аясында баяндамалар жасалып, қатысушылар өзара пікір алмасты.

Жиын соңында Жамбыл туризм қауымдастықтары мен Өзбекстан  Республикасының «Nafis Travel» туристік компаниясы арасында екі жақты өзара әріптестік  меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, М.Нұрматова «Көне Тараз» кешеніне саяхат жасап, ондағы «Рухани жаңғыру» залымен танысты. Сонымен қатар, ашық аспан астындағы «Көне Тараз» мұражайын  аралап, Дәуітбек кесенесінде болды. «Дана — Дель» ЖШС тоқыма бұйымдарын өндіру кәсіпорны мен оқу орталығының жұмысымен танысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.