«Латын графикасы – мемлекеттік қызметте» облыстық байқауы өтті

388

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Латын графикасы – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауын ұйымдастырды.
Байқау мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту, мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан меңгергенін анықтау, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында өткізілді.
Байқауға мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінен құралған 9 команда қатысты. Олар «Сәлемдесу» кезеңінде команда атауы мен ұранын таныстырып, «Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің емле ережелері» кезеңі бойынша емле ережелері бойынша сұрақтарға жауап берді. Соңғы шешуші кезеңде «Ұлы даланың ұлы тілі» тақырыбында командалар музыкалық немесе театрландырылған қойылымдарды көрсетті.
Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен І орынды Сарысу ауданының «Жаснұрсәт» тобы жеңіп алып, ІІ орынды Талас ауданының «Талас тарландары» тобы және Жамбыл ауданының «Тілдарын» тобы иеленсе, ІІІ орынға Қордай ауданының «Ұлы даланың қырандары» тобы және Байзақ ауданының «Сұңқар» тобы лайық деп танылды.
Қалған топтар алғысхатпен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.