Құландағы қуаныш

677

Айтулы мереке қарсаңында Т.Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылында 160 адамға арналған дене шынықтыру- сауықтыру спорт кешені ел игілігіне берілуді. Іргетасы былтыр 15- наурызда қаланған спорттық кешеннің құрылысын «Нұр Тұрсын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Салтанатты сәтте аудан әкімі Асқар Қырықбаев құттықтау сөз сөйледі. -Биыл Т.Рысқұлов ауданы үшін екі бірдей қуанышты мерейтой болмақ. Оның бірі Астана қаласының 20 жылдығы болсак, екіншісі Құлан ауданының құрылғанына 80 жыл толып отыр. Осындай елеулі мереке қарсаңында пайдалануға берілген кешен аудан жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне бірден-бір себеп болатыны анық. Мұнда жастарға саламатты өмір салтын насихаттауға, аудан тұрғындарының тұрақты түрде денешынықтыру және спортпен айналысуына, бұқаралық спорттық іс- шаралар ұйымдастыруға толық жағдай жасалатын болады. Құландық жастар Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ермахан Ыбрайымов, Ислам Байрамуков, Ақжүрек Таңатаров, Елдос Сметов сияқты даңқты жерлестеріміздің дара жолын жалғастыратын спорт саңлақтары болатынына, ел намысы үшін биікт белестерді бағындыратынына сенімім мол, – дейді аудан әкімі А.Қырықбаев. «Нұр Тұрсын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Талғат Тұрсынмұратовтың айтуынша, спорттық кешенді салуға облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырыс беріпті. Жобаның құны 317 263 000 теңгені құраған. Айта кету керек, «Астананың 20 жылдығына-20 нысан» акциясы әлі де жалғасуда. Мереке қарсаңында облыста тағы да бірнеше нысан пайдалануға беріледі. Ол туралы газетіміздің келесі санында жан-жақты тоқталатын боламыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.