Құқытық сауаттылықты арттыруға арналған шара

371

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі №1-51151/1096-И санды нұсқауына сәйкес, азаматтардың өтініштеріне талдау қорытындысы бойынша қазіргі таңда тұрғындар тарапынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларына қатысты және көші-қон заңнамасының сақталуына, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлігіндегі автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру, жол жүрісін ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеуге қатысты сұрақтар жиі қойылатындығы анықталған. Одан бөлек, патрульдік полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты халықтан шағымдар көп келіп түсетін көрінеді.

Бұл ретте осындай проблемаларға тап болған азаматтар еліміздің Ішкі істер министрінің блогына шағым жазуды немесе аумақтық ішкі істер органдарына тікелей жүгінбей, әлеуметтік желілерде бөлісуді қалайды. Осыған байланысты, халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру мақсатында жуырда ғана Шу аудандық полиция бөлімі аудан орталығы Төле би ауылында және Шу қаласындағы орталық базар маңында «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды. Расын айту керек, бүгінгі таңда тұрғындардың басым көпшілігі құқық қорғау қызметкерлерінің жұмыс сапасына сенімсіздікпен қарап жатады. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарабаев та өзінің өткен жылғы халыққа Жолдауында дәл осы құқық қорғау қызметкерлердің біліктілігін арттыруға байланысты бірқатар тапсырмалар берген болатын. Соған сәйкес, биылғы жылы полицейлерді сынақтан өткізу мәселесі күн тәртібіне қойылып, бірқатар өзгерістер орын алмақшы. Осыған қарап-ақ, жуық арада полиция қызметкерлері мен қарапайым халықтың арасындағы байланыс нығая түсетінін аңғаруға болады.

Міне, жоғарыда аталған іс-шара да құқық қорғау қызметкерлерінің халыққа бір қадам жақындауының, олардың пікірімен санасудың жарқын көрінісі болса керек-ті. Екі күнге созылған аталмыш шара таңертеңгі 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін өткізіліп, жергілікті тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға полиция бөлімінің қызметкерлері мардымды жауаптар қайырды.

dalanews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.