«Құқықтық сауатылық – заман талабы» атты кездесу өтті

875

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Шақпақ ауылдық округіндегі №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебінде  «Құқықтық сауаттылық заман талабы» атты кездесу өткізілді.

Жиын ауылдық округ жастар ісі жөніндегі бөлімінің қолдауымен «САНА» оқыту орталығының директоры Асхат Олжабаевтың қатысуымен өтті. Сондай-ақ, басқосуға «Нұр Отан» партиясы Жуалы аудандық филиалы «Шақпақата» бастауыш партия ұйымының төрағасы Рауан Сазанбаев,  Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектепбінің директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Берік Кәдірбай және жоғары сыныптың оқушылар қатысты.

Шара барысында келген қонақтар кездесуге арқау болып отырған өзекті тақырыптар бойынша түрлі мысалдар келтіре отырып, жасөспірімдерді сол қылықтардан аулақ болуға шақырды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қонақтар нақты әрі тиянақты жауаптар берді. Жалпы саны 50-ден аса адам қатыстырылған шара соңында жастардың көкей тесті сұрақтарына жауап беріліп, құнды әрі керекті ақпараттарымен алмасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.